SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде полиция Орталық базарда жалған купюралармен есеп айырысқан 48 жастағы әйелді ұстады. Күдікті Қостанай облысының тұрғыны екені анықталды. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тергеу дерегінше, әйел саудагерлердің салғырттығын және аязды күнгі қарбаласты пайдаланып, тауарды «сувенирлік» банкноттармен сатып алған. Ол жалған купюрамен есептесіп қана қоймай, сатушылардан нақты ақша түрінде қайтарым алып отырған.
Полицияға бірнеше сатушыдан күмәнді есеп айырысуларға қатысты арыз түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Тінту кезінде одан номиналы бес және он мың теңгелік жалған купюралардың бір бумаcы тәркіленді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел кемінде төрт алаяқтық дерегін жасап үлгерген. Қазіргі уақытта оның Ақтөбедегі өзге де ұқсас жағдайларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Аталған дерек бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
RUS