SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Ласковый май» тобының продюсері Андрей Разин аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша күдікті ретінде халықаралық іздеуге берілді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Разинге қатысты қылмыстық іс екі эпизод бойынша тергеліп жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ақын Сергей Кузнецовқа тиесілі «Ласковый май» әндерін орындағаны үшін төленуі тиіс лицензиялық сыйақыны өзіне заңсыз иемденген.
Сонымен қатар іс материалдарында топтың солисі Юрий Шатуновпен жасалған келісімшартты қолдан жасауға қатысты алаяқтық дерегі де бар. Тергеушілердің пайымдауынша, Разин ұзақ уақыт бойы Кузнецовпен жасалды делінетін жалған келісімшартты пайдаланып, қомақты қаржы алып отырған.
Қылмыстық іс бойынша келтірілген шығын көлемі шамамен 500 миллион рубль деп бағаланып отыр.
Айта кетейік, Андрей Разин ісінде Юрий Шатуновқа қатысты жаңа алаяқтық эпизодының пайда болғаны туралы ақпарат өткен жылдың соңында белгілі болған еді. Қазір продюсер халықаралық іздеуде.
RUS