Атыраулық алып жігіт еліміздің рекордтар кітабына енеді

20.04.2023, 17:23
566
Атыраулық алып жігіт еліміздің рекордтар кітабына енеді inform.kz

Атыраулық алып жігіт Парасат Нұрғалиевтің бойы ұзын, ал аяғының өлшемі – 56 см. Енді бұл өлшемдер еліміздің рекордтар кітабына тіркеледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл туралы бүгін, 20 сәуірде Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов мәлім етті.

Ол «Таңшолпан» бағдарламасының студиясында алып жігіттің бойын өлшеді. Көрсеткіш – 218,5 см.

«Парасат Нұрғалиев Қазақстан рекордтар кітабына «Елміздегі ең алып адам» ретінде енеді. Бір ерекшелігі, оның аяғының өлшемі болып отыр. Қазір аяғының өлшемі – 56 см. Бұл да рекордттар кітабына тіркеледі», -деп мәлім етті Қуандық Құдайбергенов.

Қазір ең алып жігіт – Парасат Нұрғалиев Индер ауданының Құрылыс ауылында анасымен бірге тұрады.

Тұрақты жұмысы жоқ. Құрылыс саласында әртүрлі жұмыс істейді.

Бос уақытында Жайық өзенінен балық аулағанды ұнатады.

«Анашымның айтуынша, мен өмірге келгенде, салмағымда да, бойымда да ерекшелік байқалмапты. Ағаларым мен апайым да орта бойлы, мен сияқты емес. Алайда, әжем ірі сүйекті болған екен. Әкем де ұзын бойлы, кең иықты, ірі саусақты болыпты», - дейді Парасат Нұрғалиев.

Оның айтуынша, бойы 6-сыныпта оқып жүргенде өсе бастаған. Киімдері қысқарып, аяғының өлшемі үлкейген.

Ал, 9-10-сыныптарда 50-өлшемді аяқкиім табу қиынға соққан. 2014 жылы мектепті бітіргенде, салмағы 120 келіге жетіп, бойы 2 метр болған.

«Менің денсаулығымда еш кінәрат жоқ. Бойымның ұзындығы да, салмағымның ауырлығы да жүріс-тұрысыма кедергі келтірмейді. Киім мен аяқкиімді арнайы тапсырыспен тіктіремін», - деп күледі алып жігіт.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бойы – 2 метр 15 см, аяғының өлшемі – 56 см алып жігіт тұратынын жазған едік.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр