300

«Ешкімге керегі жоқ адам»: Трамп Макронды сынға алып, оның президенттіктен кететінін айтты

АҚШ президенті Макронды ашық сынға алды.

«Ешкімге керегі жоқ адам»: Трамп Макронды сынға алып, оның президенттіктен кететінін айтты
Jim Watson/AFP/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Франция басшысы Эммануэль Макронды қатаң сынға алды. Оның айтуынша, Макрон жақын уақытта президенттік қызметінен кетеді.

Трамп Франция президенті Газа бойынша Бейбітшілік кеңесіне қосылудан бас тартуы мүмкін екенін алға тартып, француз шараптары мен шампандарына 200 пайыздық баж салығын енгіземін деп қоқан-лоқы көрсеткен.

«Ол ешкімге керек емес, өйткені жақын арада қызметінен кетеді. Сондықтан бәрі қалыпты. Мен не істеймін? Оның шараптары мен шампандарына 200 пайыздық баж салығын енгіземін, сонда ол қосылады. Бірақ қосылуға міндетті емес», – деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар Дональд Трамп Гренландияға қатысты ұстанымын да растады. Ол бұл аймақты бақылауға алу жоспары барын айтып, еуропалық көшбасшылардың «айтарлықтай қарсылық танытпайтынын» мәлімдеді.

«Біз оны алуымыз керек. Олар оны қорғай алмайды», – деді Трамп.

Материал авторы