243

Жамбыл облысында ер адам «Сергек» камерасына оқ атқан

Ер адам сотта өз кінәсін мойындады.

Жамбыл облысында ер адам «Сергек» камерасына оқ атқан
informburo.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында ер адам «Сергек» жол камерасына пневматикалық мылтықпен оқ атқан. Байзак аудандық соты оның ісін қараған соң, әкімшілік айыппұл салды.

Оқиға Сарыкемер–Түймекент–Ақшолақ тас жолында болған.

«М. азамат нақты мақсатпен «Сергек» камерасына зақым келтірді. Ол пневматикалық мылтықтан оқ атқан, бұл «І.» ЖШС-нің мүлкіне материалдық зиян келтірді», – деп хабарлады соттан.

Ер адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 147-1-бабы 1-бөлімі бойынша сотталды. Бұл бап бойынша айыппұл 50 МРП көлемінде немесе 20 күнге дейін қамау қарастырылған. Қылмыскер өз кінәсін толық мойындап, сотқа дейін зиянның бір бөлігін өтеген. Сот шешімімен оған 196 мың теңге айыппұл салынды.

Материал авторы