Текелідегі оқушыларға таратылған брошюра ата-аналардың наразылығын тудырды

20.04.2023, 18:37
419
Текелідегі оқушыларға таратылған брошюра ата-аналардың наразылығын тудырды smartnews.kz

Жетісу облысына қарасты Текелі қаласындағы №8 мектепте ерте жүктілікке қатысты оқушылар арасында жүргізілген іс-шараға ата-аналар наразылық білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ата-аналар оқиғаға байланысты наразылықтарын әлеуметтік желіде хабарлаған. Олар кәмелетке толмаған балаларымен ерте жүктілік тақырыбы ашық талқыланғанына қарсы екендерін жазған.

Шағымға қатысты ҚазАқпарат тілшісі Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбековаға хабарласып, мән-жайды анықтады.

«19 сәуірде Текелідегі №8 мектепте кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияның хатшысы мен аурухана психологы 7-9 сынып оқушыларымен кездесті. Қонақтар негізінен буллинг пен кибербуллинг тақырыбын көтеріп, оқушылармен әңгімелескен. Аурухана психологы басқосуды ерте жүктілік тақырыбымен жалғастырған. Содан соң балаларға парақша таратқан. Бірақ онда не жазылғанын мектеп басшылығына таныстырмаған», - деді Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова.

Ата-аналардың шағымынан кейін Текелі қаласының білім бөлімі арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, осындай келеңсіздікке жол берген аурухана психологына көпшіліктен кешірім сұрату жөнінде шешімге келген.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)