SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында 42 жастағы ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Шетпе ауылында, жеке тұрғын үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстардың бірінде болған. Бұл туралы Lada.kz жазды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам аталған нысаннан өлі күйінде табылған. Марқұмның жұмыссыз болғаны белгілі. Құқық қорғау органдары оқиға орнына жедел жетіп, тексеру жұмыстарын бастаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға туралы хабар 20 қаңтар күні түскен. Қазіргі таңда полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Алдын ала нұсқа ретінде қайғылы жағдайдың өз еркімен болғаны қарастырылуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
RUS