370

«Астанаға көшу бекер болған шығар»: Боранбаев жаңа стадион жайын айтты (ВИДЕО)

«Қайраттың» жаңа стадионы қашан ашылатыны белгілі болды.

«Астанаға көшу бекер болған шығар»: Боранбаев жаңа стадион жайын айтты (ВИДЕО)
QSport

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алматылық клубқа арналған жаңа стадионның құрылысы туралы пікір білдіріп, Чемпиондар лигасындағы қысқы үй матчтарын Астанада өткізу шешімін түсіндірді. Бұл туралы QSport жеткізді.

Боранбаевтың айтуынша, жаңа стадионның жобалануы мен құрылысына қала әкімдігі тікелей әрі жүйелі түрде атсалысып отыр. Оның сөзінше, бұл бағытта қазірдің өзінде ауқымды жұмыс атқарылған.

«Қала мен әкімдік жаңа стадионды жобалау және салу ісімен түбегейлі айналысып жатыр. Бұл рас. Қазірдің өзінде көп жұмыс істелді. Біз екі жыл ішінде бәрі толық аяқталады деп үміттенеміз», – деді ол.

Сонымен бірге клуб басшысы Астанаға көшу шешіміне сын көзбен қарайтынын жасырмады. Оның пікірінше, футбол тұрғысынан алғанда бұл қадам түсінікті болғанымен, жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызған.

«Қазір ойланып қарасақ, Астанаға көшу, бәлкім, бекер болған шығар. Футбол жағынан алғанда – иә, белгілі бір деңгейде дұрыс шешім. Бірақ біз Алматыда, өз алаңымызда да ойнай алатын едік. Дегенмен, біз үшін бастысы – көрерменнің жағдайы», – деді Боранбаев.

Еске салайық, 20 қаңтар күні «Қайрат» Чемпиондар лигасы аясындағы ойынын «Астана Аренада» өткізіп, бельгиялық «Брюггеге» 1:4 есебімен есе жіберді.

Материал авторы