«Дублин» мен «Вашингтон»: Сүрілетін үйдің үлескерлерінің ақшасын компания қайтаруы тиіс

20.04.2023, 20:14
527
«Дублин» мен «Вашингтон»: Сүрілетін үйдің үлескерлерінің ақшасын компания қайтаруы тиіс smartnews.kz

Астана қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Бердібеков елордада сүрілетін «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешендеріне үлескер болған азаматтардың ақшасын кім қайтаратынын түсіндірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Үлескерлердің құқығы компаниямен жасалған шартта көрсетілген. Азаматтар келісімді бұзуға немесе уәкілетті органга жүгінуге құқылы. Тиісінше, олар өздерінің ақшасын қайтарып ала алады», - деп түсіндірді Азамат Бердібеков.

Оның айтуынша, үлескерлерге әкімдік немесе өзге де жауапты орган өтемақы төлеуге міндетті емес.

Ақшаны «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешендерін салған компания қайтаруға тиіс.

«Осы орайда G Park компаниясына тиесілі «Вашингтон» тұрғын үй кешеніне қатысты түсіндірме бере кетсем. Ол үй бойынша сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 6 сәуір күні шешім шығарды. Ол әділет органдарына келіп түсті. Тиісінше біз оны дереу орындауға тиіспіз. Қазіргі уақытта «Вашингтон» тұрғын үйін сүруге қатысты талаптардың орындалмауына байланысты компания атына әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік сот компанияны кінәлі деп таныды. Егер айыппұлды төлемесе, онда заңға сай әр күн үшін өсімпұл төлейді, оған қоса үй міндетті түрде сүріледі», - деді департамент басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бүгін желілерде елордада заңсыз салынған «Дублин» тұрғын үй кешенін сүруге барған мамандарға құрылыс компаниясының қызметкері кедергі келтіргені жайлы видео тарады.

Бұған қатысты түсініктеме берген әділет департаментінің өкілі үй қандай жағдай болса да сүрілетінін айтты.

Сондай-ақ, мамандарға кедергі келтірген ауыр техниканың жүргізушісіне қатысты әкімшілік жаза қолданылды.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады