Үтікпен күйдіріп, шашын жұлған: Шымкенттік әйел өз балаларын азаптаған (ВИДЕО)
12 және 9 жастағы балалар өз анасынан ұзақ уақыт бойы зорлық көрген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 12 және 9 жастағы балалар өз анасынан ұзақ уақыт бойы зорлық көргені анықталды. Қыз баланың шашын жұлып тастау, үтікпен күйдіру және басқа да қорлық әрекеттер бірнеше күнге созылған. Жәбір көрген балалардың әжесі мұндай қатыгездікті көріп, жүрегі жарылғанын жеткізді.
Алғашқы ақпарат мектеп мұғалімдерінен түскен. Оқу орны директорының айтуынша, балалар қысқы демалыстан кейін сабаққа келмей, анасы түрлі сылтау айтып, оларды алып қашып жүрген. Қазір мектеп тарапынан балаларға жан-жақты психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетілуде.
Құқық қорғау органдары анаға қатысты тергеу жүргізіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауда.
Материал авторы