SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасынан кейін басталған жаппай төбелесте 40 жастағы азамат қаза тауып, тағы біреу ауыр жарақат алды.
Қала денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 1990 жылы туған пациент қала клиникалық ауруханасы №1-ге ауыр жағдайда жеткізілген. Ол сол жақ кеуде қуысына түскен пышақ жарақатымен қабылданып, жедел хирургиялық операция жасалған. Қазіргі уақытта науқас реанимация бөлімінде, интенсивті терапия алады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкенттегі екі автокөліктің соқтығысуынан басталып, үшінші көліктің қатысуымен жаппай төбелеске ұласқан видео тараған еді. Сол төбелесте бір адам пышақ жарақатынан зардап шексе, екіншісі күшпен қала сыртқа жеткізілген, кейін оның мәйіті табылды.
Полиция қазір 40 жастағы қала тұрғынын өлтірді деген күдікпен бірнеше адамды іздестіріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
RUS