Екібастұзда ер адам әйелін қызғаныштан шәйнекпен ұрып-соққан

21.01.2026, 15:15
260
Екібастұзда ер адам әйелін қызғаныштан шәйнекпен ұрып-соққан iStock

Қызғаныштан басталған жанжал ауыр жарақатпен аяқталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Екібастұз қаласында психоневрологиялық диспансерде ұзақ жылдар бойы есепте тұрған ер адам әйелін қызғаныштан соққыға жықты. Әйел ауыр бас жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында болған. Тергеу дерегінше, жанжал әйелдің жұмыстан оралуынан кейін басталған. Күйеуі мас күйде болып, қызғанышқа байланысты дау шығарған.

Тұрмыстық жанжал кезінде ер адам шәйнекті алып, әйелінің басынан екі рет ұрған. Салдарынан жәбірленуші есінен танып, жабық бас-ми жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген.

Сотта анықталғандай, ер адам шизофрения дертіне шалдыққан және 1991 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұр.

Аталған факті бойынша «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда сот талқылауы ұзаққа созылмаған.

Екібастұз қалалық соты ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған мәжбүрлі медициналық шара қолдану туралы шешім шығарды.

«Жалпы типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі ем тағайындалсын», – делінген сот қаулысында.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар 35 жылдан астам уақыт некеде тұрған. Сотта жәбірленуші күйеуін өмір бойы емдеуге жіберуді сұраған.

Бұл талапты олардың қызы да қолдаған. Ол – ер адамның заңды қамқоршысы. Қызының айтуынша, әкесі анасына бұрын да бірнеше рет күш көрсеткен.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды