SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Кентау қаласында 45 жастағы ер адам кәмелетке толмаған екі өгей қызына қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.
Ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желілерде аталған азаматтың бірнеше жыл бойы өз өгей қыздарына қарсы заңға қайшы әрекеттер жасағаны туралы мәлімет тараған. Жәбірленушілердің туыстары істің тергелу барысына қатысты алаңдаушылық білдіріп, қылмыс тиісті баптармен сараланбай отыр деп есептейтінін жеткізген.
Аталған дерекке байланысты Түркістан облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, арыз 2025 жылғы желтоқсан айында тіркелген.
«Кентау қаласының кәмелетке толмаған екі тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.
Құзырлы органдар істің барысын бақылауда ұстап отыр.
RUS