Қаскелеңдегі мектеп оқушысы үзіліс кезінде қайтыс болды
15 жастағы мектеп оқушысы кенеттен көз жұмды
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаскелең қаласында 21 қаңтар күні 15 жасар оқушы сабақ арасындағы үзілісте қайтыс болды.
Қарасай ауданы білім бөлімі мәліметіне сүйенсек, оқушы бірінші сабақтан кейін өзін нашар сезінген. Мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырған. Медициналық қызметкерлер келгенге дейін мектеп қызметкерлері баланы құтқаруға тырысқанымен, оқушыны тірілту мүмкін болмады. Ол мектепте қайтыс болды.
«Бұл оқиға отбасы, сыныптастары мен ұстаздар үшін ауыр соққы болды. Мектеп оқушылар мен педагогтарға психологтардың көмегін көрсетіп жатыр», – деп хабарлады білім бөлімінен.
Құзырлы органдар тексеріс жүргізіп жатыр. Оқушының денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның нәтижесі өлімнің нақты себебін анықтайды.
Қарасай ауданы білім басқармасы әзірге толық пікір бере алмайтынын айтты:
«Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр. Толығырақ ақпарат тек оның аяқталғаннан кейін жарияланады».
Материал авторы