304

Жетісуда мерзімінен бұрын босатылған 6 баланың анасы баспаналы болды

Прокуратура мен меценаттар көпбалалы ананы баспанамен қамтыды.

Жетісуда мерзімінен бұрын босатылған 6 баланың анасы баспаналы болды
көрнекі сурет / istkult.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алты баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы анаға тұрғын үй берілді. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

Ведомствоның ресми ақпаратына сәйкес, Каратал ауданы прокуратурасының меценаттармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмысының нәтижесінде көпбалалы отбасының баспана мәселесі шешілген. Әйелге толықтай абаттандырылған үш бөлмелі үй жеке меншікке тапсырылған.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, тұрақты баспанамен қамту — кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғаудың және ананың қоғамға қайта бейімделуінің негізгі тетігі.

Сонымен қатар, Қаратал ауданы прокуратурасының бастамасымен пробация қызметінде есепте тұрған тағы бір азаматқа қолдау көрсетілді. Оған дәнекерлеу цехын ашу үшін мемлекеттен қайтарымсыз негізде 1,5 миллион теңгеден астам грант бөлінген.

Өз кәсібінің ашылуы азаматқа заңды түрде еңбек етіп, тұрақты табыс табуға және отбасын асырауға мүмкіндік берген.

Материал авторы