437

Шу ауданында 12 жастағы қызды туысы бірнеше рет зорлаған

Бірнеше жыл бойы зорлық көрсетіп келген күдікті қамауға алынды.

Шу ауданында 12 жастағы қызды туысы бірнеше рет зорлаған
unccd.int

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Шу ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс тіркелді. Тергеу мәліметінше, 46 жастағы ер адам 12 жастағы қызды бір жарым жыл бойы жүйелі түрде зорлаған.

Алдын ала деректерге сәйкес, күдікті алғашқы жыныстық зорлық әрекетін қыз 12 жасқа толған кезде, аудан аумағындағы фермада жасаған. Кейіннен ол жәбірленушінің отбасындағы қиын қаржылық жағдайды пайдаланып, қылмысын бірнеше рет қайталаған.

Аталған факті бойынша бастапқыда Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша іс қозғалған. Алайда тергеу барысында әрекеттердің ауыр сипаты ескеріліп, іс 120-бап — «зорлау» бабына қайта сараланған.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жәбірленушінің көрсетулері мен өзге де дәлелдемелерді тексеріп жатыр.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленуші отбасының жақын туысы болып шыққан. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құзырлы органдар өзге де мән-жайларды анықтауда.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор