307

Атырауда зейнеткер жедел жәрдем фельдшерлерін ұрды (ВИДЕО)

Әйелді сыртқа полиция алып шықты.

Атырауда зейнеткер жедел жәрдем фельдшерлерін ұрды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда жедел жәрдем фельдшерлеріне қол көтерген зейнеткерге байланысты видео әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Кадрларда полиция қызметкерлері мен медицина мамандары егде жастағы әйелді подъезден көтеріп алып шығып жатқанын көруге болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 20 қаңтарда болған. 70 жастағы әйелдің жағдайына алаңдаған көршісі жедел қызметтерге хабарласқан.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы пациенттің ауыр психоэмоционалдық күйде екенін анықтаған. Дәрігерлердің айтуынша, әйел агрессия танытып, фельдшерлерге қол жұмсаған.

Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатер төнуіне байланысты полиция шақырылған. Мамандар әйелді бақылаусыз үйде қалдыруға болмайды деген шешімге келген.

Құқық қорғау органдары келген соң, зейнеткер жедел жәрдем көлігіне ең қауіпсіз тәсілмен жеткізілген.

Материал авторы