SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте танысының қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбай ісі бойынша Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы («Некеге тұруға мәжбүрлеу») бойынша жаңа қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді.
Адвокаттың айтуынша, қылмыстық іс президенттің тікелей бақылауында тұр. Ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия келген, тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, іс жан-жақты және әділ тергелетініне сенім білдірді.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 11 қаңтарда Төлеметов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында болды. Бейнебақылау кадрларынан Нұрайдың шабуылдаушыдан қашып, қарсылық көрсеткені, кейін пышақпен бірнеше рет жарақатталғаны көрінеді. Ресми емес мәлімет бойынша, қыз 11 рет пышақ жарақатын алған.
Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалған. Күдікті – 28 жастағы Шерхан Аймахан, ол шабуылдан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Марқұм студент, ата-анасымен бірге тұрған, артында екі ағасы қалды. Қызбен қоштасу рәсімі 13 қаңтарда Төрткөл ауылында өтті. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.
RUS