415

Бурабайда қонақүй қызметкері алаяқтарға 8 млн теңге беріп қойған

Қонақүй қызметкері әріптестерінің атына несие рәсімдеп, алаяқтарға аударған.

Бурабайда қонақүй қызметкері алаяқтарға 8 млн теңге беріп қойған
Africa images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында Бурабай аудандық полиция бөлімі қонақүй қызметкеріне қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.

Жәбірленуші — жергілікті қонақүйлердің бірінде жұмыс істейтін 50 жастағы әйел. Ол интернеттегі жалған инвестициялық платформаға сеніп, жоғары табыс уәде еткен алаяқтарға 8 млн теңге аударған.

Полиция мәліметінше, әйел алдымен өз атына 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген. Кейін тағы 6 млн теңгені екі әріптесінің атына несие ретінде алған. Нәтижесінде, уәде етілген «дивидендтің» орнына бірнеше банктік қарызды өтеуге мәжбүр болып отыр.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Полиция азаматтарды күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге және қаржылық шешім қабылдамас бұрын ақпаратты мұқият тексеруге шақырды. 

Материал авторы