1011

Серік Сәпиев пен орынбасары арасындағы даудың нақты себебі белгілі болды

Серік Сәпиевке қатысты видеоға ресми түсініктеме берілді.

Серік Сәпиев пен орынбасары арасындағы даудың нақты себебі белгілі болды
instagram.com/daurenesimkhanov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ММА-дан әлем чемпионы Айдар Махметов Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасындағы дау-жанжалға қатысты пікір білдірді.

Айдар Махметовтің айтуынша, ол жағдайды нақтылау үшін Серік Сәпиевпен жеке сөйлескен.

«Орынбасары Есімхановпен болған келіспеушілік тек қызметтік мәселеге байланысты туындаған. Атап айтқанда, қажетті құжаттарды ұсынудан бас тарту себеп болған. Бір нәрсені ерекше атап өткім келеді: қандай да бір төбелес болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарынан осындай қауесеттерді таратпауды сұраймын. Қазіргі таңда жағдай толық реттелді, тараптар өзара түсіністікке келді, жанжал аяқталды», — деді Махметов.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Серік Сәпиевтің орынбасарымен төбелескені туралы ақпарат пен видео тараған болатын. Аталған оқиғаға Қарағанды облысы әкімдігі де түсініктеме берген еді.

Материал авторы