Ақтауда подъезде пиджак пен іш киімдегі ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Тұрғындар ер адамның әрекетіне шағымданған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде пиджак пен іш киімде жүрген ер адамның ұсталған сәті видеоға түсіп қалды. Оқиғаға Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл туралы Lada.kz жазды.
Видеода құқық қорғау қызметкерлерінің ер адамды подъезден алып шығып, көшеге шығарғаны көрінеді. Жазбаны жариялаған автор кадрлар 35-шағынаудандағы №34 үйдің кіреберісінде түсірілгенін айтады.
Оның сөзінше, аталған ер адам осы үйдің тұрғыны және бұған дейін де бірнеше рет қоғамдық тәртіпті бұзған. Тұрғындар оны есіктерді сындырды, подъезде дәрет сындырды, балаларды қорқытты деп сипаттаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі тіркелген.
«23 қаңтар күні сағат 12:40 шамасында 35-шағынаудандағы №34 үйдің тұрғындарынан «102» желісіне хабарлама түсті. Онда мас күйдегі азаматтың тұрғын үйдің кіреберісінде қоғамдық тәртіпті бұзып жатқаны айтылған. Ақпарат тексеру барысында расталды», — деп хабарлады ведомство.
Полицейлердің айтуынша, ер адам медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның орташа дәрежеде алкогольдік масаң күйде екені анықталған. Кейін ол толық айыққанға дейін арнайы медициналық мекемеге орналастырылған.
Материал авторы