SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәскеуде Орал қаласының тұрғыны Жазылбек Ажғалиевті ресейлік полицейлер үш күн бойы ұрып-соғып, арнайы әскери операцияға қатысуға мәжбүрлемек болған. Бұл туралы оның әпкесі Маруа Ескендірова әлеуметтік желіде хабарлады.
Жазылбек желтоқсан айының басында ағасы Батырбекпен бірге Ресейге жұмыс іздеп барған. Ол «Три сестры» клиникасында медбике болып жұмысқа орналасып, тіркеуге құжат тапсырған.
2026 жылдың 19 қаңтарында таңғы сағат 6:00-де Жазылбек Сахарово көші-қон орталығына жол тартқан. Сол күннен бастап оның телефоны өшіп, із-түссіз жоғалған. Полиция іздеуді үш тәулік кейін ғана бастаған.
22 қаңтар күні таңертең Жазылбек туыстарына Алматы әуежайынан хабарласқан. Әпкесінің айтуынша, ол қатты күйзелісте болған.
«Көші-қон орталығында оған полицейлер шабуыл жасап, электрошокер қолданған, телефонын тартып алып, басына қап кигізген. Бөлімшеге апарып, үш күн бойы азаптаған. Осы уақыт ішінде әскери комиссариат қызметкерлері оны келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеуге бірнеше рет келген», — деп жазды Маруа.
21 қаңтар түні Жазылбек Қазақстанға депортацияланған.
RUS