436

Актрисаның «енемнің аяғын жуғым келеді» деген сөзі желіні шулатты (ВИДЕО)

Подкасттағы бір ауыз сөз әлеуметтік желіні дүрліктірді.

Актрисаның «енемнің аяғын жуғым келеді» деген сөзі желіні шулатты (ВИДЕО)
instagram.com/lep_podcast

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Динара Нұрболаттың мәлімдемесі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Өнер иесі бұл пікірін «LEP podcast» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Актрисаның сөзінше, ол анасына көрсете алмаған қамқорлық пен жақсылығын енесіне арнағысы келеді.

«Мен енемнің аяғын жуғым келеді, батасын алғым келеді. Себебі анамның аяғын көп жуа алмадым. Өзім шомылдырдым. Анама жасай алмаған жақсылығымның бәрін енеме жасағым келеді», — деді ол.

Бұл мәлімдеме желі қолданушылары арасында түрлі реакция туғызды. Бірі актрисаның сөзін тәрбиенің, құрметтің белгісі деп бағаласа, енді бір топ бұл пікірді артық пафос немесе жасандылық ретінде қабылдады.

Пікір қалдырушылар арасында «енелер келін осындай болсын деп емес, қызымыз сендей болсын деп тілейік», «осындай келіннен айналып кетесің», «бар келін осындай болса ғой» деген қолдау сөздерімен қатар, «өтірікке ұқсайды», «артық айтылған сөз» деген сыни көзқарастар да жазылды.

Қоғамдық талқыға түскен бұл пікір дәстүр, келін мен ене қарым-қатынасы, отбасындағы рөлдер тақырыбын қайта күн тәртібіне шығарды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор