679

Астанада әйел қызғаныштан күйеуінің жыныстық мүшесін кесіп тастады (ВИДЕО)

Ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

Астанада әйел қызғаныштан күйеуінің жыныстық мүшесін кесіп тастады (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 32 жастағы үш баланың анасы тұрмыстық жанжал кезінде ер адамға аса ауыр дене жарақатын салды. Оқиға қызғаныш себеп болған қылмыс ретінде тергеліп жатыр.

Бұл туралы уролог Жалғас Игембай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның мәліметінше, 34 жастағы ер адам ес-түссіз күйде және ауыр жағдайда медициналық мекемеге жеткізілген. Жедел жәрдем шақыруды оқиғадан кейін әйелдің өзі жасаған.

Алдын ала тексеру барысында әйел ер адамның опасыздығы туралы білген соң, оны ұйықтататын дәрі арқылы есінен тандырып, сол сәтте ауыр әрекетке барғаны анықталған. Науқас ауруханаға тым кеш жеткізілгендіктен, дәрігерлер зақым салдарын толық қалпына келтіре алмаған.

Дәрігердің айтуынша, ер адамның өмірі сақталғанымен, денсаулығына орны толмас зиян келген.

«Өмірін аман алып қалдық, алайда оның болашағына ауыр соққы болды. Бұл ойдан шығарылған сюжет емес, шынайы өмірде болған оқиға. Тек біраз уақыт бұрын орын алған», — деп жазды Жалғас Игембай.

Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор