Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды.
Олар қаражаттың бір бөлігін алу кезінде қолға түсті.
«Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады»,- деп хабарлады ведомстводан.