318

Жетісуда ауыр жол апатынан бес адам қаза тапты (ВИДЕО)

Toyota көліктері соқтығысып, 5 адам оқиға орнында көз жұмды.

Жетісуда ауыр жол апатынан бес адам қаза тапты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысының Ақсу ауданында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы жағдай Көшкентал – Қапал автожолының 4-шақырымында, екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды.

Тағы екі жолаушы түрлі деңгейдегі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді, оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Материал авторы