«Кесар тілігі жасалды»: Жансая Әбдімәлік ана болудың қандай екенін айтып берді

26.01.2026, 13:56
395
«Кесар тілігі жасалды»: Жансая Әбдімәлік ана болудың қандай екенін айтып берді instagram.com/zhansaya_abdumalik

Босанудан кейінгі қалпына келу оңай болмады дейді шахматшы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шахматшы Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желідегі оқырмандарымен ана болудан кейінгі тәжірибесі туралы бөлісті. Ол босанудан кейінгі қалпына келу процесі, қиындықтар мен қуаныштар туралы ашық жазған.

Жансаяның айтуынша, ол жоспарлы кесарево сечение арқылы босанған:

«Қазір жағдайым жеңілдеді, бірақ толық қалпына келу үшін, физикалық да, эмоционалды да, әлі де уақыт қажет. Физикалық жағынан, артық салмақтың көбін тастадым, бірақ кесар тілігі соңында қалған кішкентай “қалтамды” әлі толық кетірмедім. Денсаулық және эмоциялық жағынан, кез келген ана секілді менде энергия төмендеп, витаминдер тапшылығы сезілді. Қазір жай ғана ағыммен жүріп, жаңа өмірдің әр сәтін бағалап жатырмын».

Сонымен қатар, Жансая аналықтың қиындықтарын да бөлісті:

«Ең қиыны – оны жалғыз қалдыру. 24/7 бірге болғым келеді. Бала туғаннан кейін уайым деңгейім артты. Мен супер уайымшыл ана емеспін, бірақ ұйқым сезімтал болды: бұрын ештеңе естімесем, қазір көрші бөлмеден оның тынысын естимін. Бала ауру болғанда немесе алаңдаса, әсіресе, жылауын көтеру өте қиын. Кейде сол сәтте «кез келген кедергіні жеңуге» дайын екенімді сеземін».

Жансаяның сөзінше, оған қолдау көрсететін арнайы балабақша қызметкері бар, ол ұлының күтімінде көмектеседі.

Айта кетейік, шахматшы 2023 жылы Нұрахмет Нуриевпен некеге тұрған, ол 2024 жылдан бері «Қазақмыс» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы. 2025 жылдың тамызында Жансая алғаш рет ана атанды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді