407

Үндістан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларды құрайды

Үндістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда көлемі шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Алайда бұл көрсеткіш елдер арасындағы әлеуетті толық ашпай отыр.

Үндістан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларды құрайды
Сауда және интеграция министрлігі

Бұл туралы Үндістан елшісі Ю.К. Сайлас Тангаль айтты, деп хабарлайды smartnews.kz.

«Екіжақты сауда көлемі шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайды, бұл қолда бар әлеуеттен едәуір төмен», – деді ол.

Елші IT, финтех, жасанды интеллект, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, энергетика және логистика салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік мол екенін жеткізді.