Елімізде теңге нығайып, доллар арзандады

26.01.2026, 15:52
246
Елімізде теңге нығайып, доллар арзандады SMARTNEWS.KZ коллажы

Айырбастау пункттеріндегі нақты бағам белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 қаңтардағы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы төмендеді. Сауда қорытындысы бойынша доллар 501,79 теңгеге дейін арзандап, бір күнде 1,4 теңгеге құлдырады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 қаңтарға белгілеген ресми бағамы — 503,35 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар мынадай деңгейде саудаланып жатыр:

Алматыдағы айырбастау пункттері:
– сатып алу — 502,26 теңге;
– сату — 504,54 теңге.

Астанадағы айырбастау пункттері:
– сатып алу — орта есеппен 500,00 теңге;
– сату — 507,00 теңге.

Еске салайық, 23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдап, оны бұрынғы деңгейде — 18 пайыз көлемінде сақтаған болатын. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл мөлшерлеме алдағы кемінде алты ай бойы өзгеріссіз қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім инфляциялық қысымды тежеу және бағаның өсу қарқынын баяулатуға бағытталған. Алайда қабылданған шаралар жеткіліксіз болған жағдайда, Ұлттық банк ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдатуға дайын екенін де атап өтті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды