Алматыда заңсыз салынып жатқан тағы 3 тұрғын үй кешені табылды

21.04.2023, 16:47
561
Алматыда заңсыз салынып жатқан тағы 3 тұрғын үй кешені табылды smartnews.kz

Алматыда тағы да бірқатар заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені анықталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тұрғын үй кешендерінің құрылысқа қажетті толық құжаттары жоқ.

"ORDA CITY" тұрғын үй кешені. Теректі ықшамауданы, Айналмалы көшесі, 183 мекенжайында орналасқан. Тапсырыс беруші: «Investment Stroy» ЖШС.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ, учаскені пайдалану мақсаты - ЖТҮҚ.

Басқарма құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап бойынша шара қабылдап, құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарды, сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қазаншұңқырды бұзу және қайта толтыру туралы талап арыз жолдады.

"Dostar Deluxe" тұрғын үй кешені. Мәдениет шағынауданы, 185/8 мекенжайы бойынша орналасқан.Тапсырыс беруші: «Ашинов» жеке кәспкер; Эскиздік жобасы келісілмеген, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама жоқ.

ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап бойынша шара қабылданды.

Verona тұрғын үй кешені. Ремизовка, 7-жол 71 учаскесінде ораласқан. Тапсырыс беруші: 5 жеке тұлға. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда азаматтардың заңсыз тұрғын үй кешендерінен пәтер алу фактілері тұрақты түрде анықталуда.

"3 қабатқа дейінгі тұрғын үйлер үшін үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат талап етілмейтін қолданыстағы заңнаманы пайдаланып, жосықсыз құрылыс салушылар жылжымайтын мүлік сатып алушы адамдарды жаңылыстыруда. Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына хабарласып, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі құжаттардың толық пакетін тексеруге кеңес берміз",- делінген хабарламада.

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті