Қазақстандық стартап-кәсіпкер тарихта алғаш рет StartX клубы құрамына кірді

21.04.2023, 17:35
830
Қазақстандық стартап-кәсіпкер тарихта алғаш рет StartX клубы құрамына кірді facebook.com/cerebra.kz

Қазақстандық стартап-кәсіпкер тарихта алғаш рет Стэнфорд университетінің StartX клубы құрамына кірді. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Досжан Жүсіпов пен Cerebra жобасының командасын кезекті жетістігімен құттықтаймын! Біздің қазақстандық стартап-кәсіпкер тарихта алғаш рет Стэнфорд университетіне қарасты беделді StartX клубының құрамына кірді. Бұл – қазақстандық ІТ-индустрия үшін үлкен оқиға. Cerebra жобасының StartX-ке қабылдануы Қазақстанның озық DeepTech технологияларды шығара бастағанын дүниежүзіне әйгілейді», - деп жазды министр.

Оның мәліметінше, аталған оқиға қазіргі таңда CatGPT сынды жасанды интеллект түрлері дамып жатқанда, біздің қол қусырып отырмағанымыздың айқын бір көрінісі. Себебі, Cerebra жасанды интеллекттің базасында жасалған. Ол Қазақстанда инсультті сапалы диагностикалау және осы патологиядан мүгедектік пен өлім-жітім деңгейін төмендету үшін құрылған.

«StartX сияқты беделді қауымдастықтармен қарым-қатынасты дамытуды Мемлекет басшысы өзінің АҚШ-қа іс-сапарының қортындысы аясында жүктеген болатын», - дейді Мусин.

Айта кетейік, StartX – бұл 1800-ден астам кәсіпкерлерден, салалық сарапшылардан Стэнфорд профессорларынан тұратын қауымдастық. Ол өсу сатысында тұрған және жақсы қаржыландырылған 700-ден астам стартапты қамтиды. StartX қауымдастығына мүше компаниялардың жалпы құны 26 миллиард доллар шамасында.

Естеріңізге сала кетейін, Cerebra жақында Global Startup Awards стартап-экожүйелерінің ауқымды тәуелсіз байқауының жеңімпаздарының бірі.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады