SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкімет отырысында жеке мектептерге постлицензиондық бақылауды бастау туралы хабарлады.
Министрдің айтуынша, 2025 жылы жеке мектептерде мемлекеттік тапсырыс заңдылығын тексеру аудиті жүргізілген. Елде 880-нан астам жеке мектеп бар, олардың 785-і цифрлық жүйеге енгізілген және мемлекеттік тапсырыс ала бастады.
«Лицензия мәселесіне байланысты үш негізгі талап қойылады: оқытудың сапасы, кадрлардың біліктілігі және балалардың қауіпсіздігі. Егер мектеп осы үш талапқа сәйкес келсе – лицензия сақталады, әйтпесе постлицензиондық бақылаудан кейін тиісті шаралар қолданылады. Кейбір мектептер моншаларда немесе қоймаларда ашылып, 10 жылдан астам жұмыс істеп, соңғы 5 жылда мемлекеттік тапсырыс алған. Мұндай заңсыздықтарды жоюға кірісеміз», — деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрдің мәліметінше, 2026 жылдан бастап Бас прокуратура және жергілікті билік органдары жеке мектептерді жүйелі түрде тексеретін болады. 2025 жылғы аудит кезінде кейбір жеке мектептерде бюджеттік қаражатты жымқыру деректері анықталған.
RUS