960

Жангелдиндегі жоғалған отбасы: Сұлтан Сәрсемәлиевті ауылда ешкім танымайтын боп шықты (ВИДЕО)

Жұмбақ іске қатысты жаңа деректер айтылды.

Жангелдиндегі жоғалған отбасы: Сұлтан Сәрсемәлиевті ауылда ешкім танымайтын боп шықты (ВИДЕО)
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы, Жангелдин ауылында жоғалған ерлі-зайыптының өліміне қатысы бар деп күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев туралы жаңа ақпарат белгілі болды.

Журналист Жанат Жақсыбайқызы Kursiv.Media YouTube-арнасына берген сұхбатында күдіктіні ауыл тұрғындарының ешқайсысы танымайтынын айтты.

«Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев деп жатыр. Бірақ ауылда бірде-бір адам оны танымайды. Сұлтан бұл ауылға сирек келеді. Туыстары да оны жақын білмейді. Бұрын бір-екі рет көрген, одан кейін араласпаған», — дейді журналист.

Сондай-ақ, анасының айтуынша, Сәрсемәлиев бұрын күзетші, жүк тасушы ретінде әртүрлі жерлерде жалдамалы жұмыс істеген, тұрақты жұмысы болмаған.

Журналист сондай-ақ өлі жұбайдың психикалық диспансерде есепте тұрғанын, төртінші баладан кейін сырқаттанғанын атап өтті.

«Келінім бар кезде де бес баланы өзім қарап отырдым, өйткені ол ауырады», — деді Сәрсемәлиевтің анасы.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр, күдіктінің нақты қатысы анықталуда.

Материал авторы