Шымкенттегі балабақшада тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытқан

28.01.2026, 10:29
306
Шымкенттегі балабақшада тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытқан бейнежазбадан

Балаларды үркіткен тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласындағы №59 «Айша» мемлекеттік балабақшасында тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол балаларды ине тағылған шприцке ұқсас затпен қорқытқан.

Оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда кең резонанс тудырды. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдап, жауапты органдардан нақты шара қолдануды талап етті.

Бейнебақылау камераларындағы кадрларда тәрбиешінің қолында ине бар шприцке ұқсайтын зат ұстап, бүлдіршіндерді үркіткені анық көрінеді.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, оқиға Тұран ауданында орналасқан №59 «Айша» ясли-балабақшасының «Бәйтерек» мектепалды тобында болған. Тексеру нәтижесінде тәрбиешінің кәсіби әдеп нормаларын өрескел бұзғаны анықталған.

Оқиғадан кейін жедел түрде ведомствоаралық кеңес өткізіліп, оған прокуратура, полиция, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдері, балабақша әкімшілігі мен ата-аналар қатысқан. Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар талқыланған.

Қалалық полиция департаменті ата-аналардың арызы негізінде тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары білім басқармасына балабақша басшылығын уақытша қызметінен шеттету және тәрбиешіні жұмыстан босату жөнінде ұсыныс енгізді. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға берілмек.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады