SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының Қосшы қаласында азаматтық некеде тұрған ер адам бес балалы әйелін және оның екі жасар қызын ұрып-соққан. Оқиға тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі ретінде тіркеліп, сотта қаралды.
Полиция мәліметінше, оқиға 2025 жылдың қазан айында болған. Шақырту бойынша келген учаскелік инспектор тек әйелдің ғана емес, кәмелетке толмаған баланың да зардап шеккенін анықтаған. Осыған байланысты ер адамға жәбірленушіге жоламау туралы қорғау нұсқамасы берілген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған. Тергеу барысында ер адамның тұрмыстық жанжал кезінде күш қолданғаны расталған.
Сот шешімімен айыпталушы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.
RUS