SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласында жанармай құю бекетінде «Газель» автокөлігі өртеніп, жалын газ құю колонкасына тараған. Оқиға орнында ауқымды төтенше жағдайдың алдын алу мүмкін болды.
Дерекке сәйкес, көлік бекет аумағында тұтанған. Өрт қысқа уақытта газ колонкасына жетіп, жағдай күрделене түскен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жедел-құтқару жасағы және апаттар медицинасы орталығы жұмылдырылды. Барлығы 46 адам мен 15 арнайы техника тартылған.
Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, құтқарушылар өрттің әрі қарай таралуына жол бермеген. Соның арқасында жанармай құю бекетіндегі алты бензин және екі газ колонкасы оттан аман қалған.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның шығу себептері анықталып жатыр.
RUS