Нұрай Серікбайдың видеосын жариялаған полицейдің үстінен іс қозғалды

29.01.2026, 11:48
248
Нұрай Серікбайдың видеосын жариялаған полицейдің үстінен іс қозғалды SMARTNEWS.KZ коллажы

Мәжіліс кулуарында ІІМ өкілі резонансты іске түсініктеме берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрінің орынбасары Мәжіліс кулуарында әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға қатысты пікір білдірді. Бейнежазбада кейін қаза тапқан Нұрай Серікбайдың полиция бөлімінде камера алдында жауап беріп отырған сәті көрсетілген.

Аталған видеоны интернетке жүктеген адам өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Бұл жайт қоғамда кең резонанс тудырды.

ІІМ вице-министрі Игорь Лепеханың айтуынша, аталған әрекет заң талаптарына қайшы.

«Оның мұндай әрекет жасауға құқығы болған жоқ. Қазір қылмыстық іс қозғалды, бұл эпизодқа да міндетті түрде құқықтық баға беріледі», — деді ол.

Құзырлы органдар видеоны жариялау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қандай нақты баптар бойынша іс қаралатыны және полицейдің жауапкершілікке тартылу-тартылмауы тергеу қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды