Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

30.01.2026, 09:05
282
Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды Getty Images

Australian Open финалы Рыбакинаны әлемдік рейтингтің үздік үштігіне шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Уимблдон-2022 турнирінің чемпионы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open – 2026 додасының финалына шығу арқылы Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде әлемнің үшінші ракеткасы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Kazinform хабарлады.

Жартылай финалда Рыбакина АҚШ өкілі Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңіп, шешуші матчқа жолдама алды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Австралия ашық чемпионатын әлемдік рейтингтің бесінші сатысында бастаған. Турнир барысында ол америкалық Аманда Анисимова мен Кори Гауффты басып озып, турнир нәтижесіне қарамастан рейтингтің үшінші орнына көтерілді.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, финалдағы нәтижеге тәуелсіз, Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы болып тіркеледі.

«Үшінші орын – 26 жастағы қазақстандық теннисшінің кәсіби мансабындағы ең жоғары рейтингтік көрсеткіші», – деп хабарлады федерация.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды