Чемпиондар лигасы «Қайратқа» қанша ақша төлегені белгілі болды

30.01.2026, 09:45
288
Чемпиондар лигасы «Қайратқа» қанша ақша төлегені белгілі болды @fc_kairat

«Қайрат» Чемпиондар лигасында 1 ұпаймен ең соңғы орынды иеленсе де, миллиондаған еуро табысқа жетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқан клубтарға төленген қаржы көлемін жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, алматылық «Қайрат» қазірдің өзінде 20,1 миллион еуро көлемінде табыс тапқан.

УЕФА таратқан ақпаратқа сәйкес, алғашқы төлем 2025 жылғы 19 қыркүйекте жүзеге асқан. Сол күні турнирдің жалпы бюджеті аясында әр клубқа, оның ішінде «Қайратқа» да 17,8 миллион еуро (шамамен 10,7 миллиард теңге) көлемінде базалық төлем аударылған.

Сонымен қатар алматылық клуб телетрансляция құқықтары мен маркетингтік кірістер үлесінен 1,62 миллион еуро (972,5 миллион теңге) алған. Бұл – Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысушы клубтар үшін осы санаттағы ең төменгі төлем мөлшері.

Екінші транш 21 қарашада жасалған. Алғашқы төрт турдың нәтижелері үшін берілетін бонустар аясында «Қайрат» өз алаңында «Пафос» клубымен тең ойнағаны үшін 700 мың еуро (шамамен 420 миллион теңге) алды.

Осылайша, қазіргі сәтке дейін «Қайратқа» төленген қаражаттың жалпы көлемі 20,1 миллион еуроны немесе 12,1 миллиард теңгені құрап отыр.

Маусым соңында клуб турнирлік кестедегі орны үшін (36-орын), сондай-ақ тең нәтижелер бойынша бөлінбей қалған қаражат үлесінен қосымша сыйақы алады. Бұл «Қайраттың» Чемпиондар лигасынан түсетін жалпы табысын 21,2 миллион еуроға, яғни 12,7 миллиард теңгеге дейін жеткізбек.

Айта кетейік, кеше алматылық команда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі өнерін ресми түрде аяқтады. «Қайрат» сегіз турдың қорытындысында небәрі бір ұпай жинап, турнирлік кестенің соңғы сатысында қалды.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті