SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада дүкен сатушысына шабуыл жасап, ұрлық жасаған адамды басқа дүкенде жұмыс істейтін қызметкер тоқтатып, полицияға тапсырды.
“Kozachkov offside” Telegram арнасының мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйекте 43 жастағы Орынбасар Ноғайбаев “Береке” азық-түлік дүкеніне кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, 7 мың теңге қаражатты беруге мәжбүрлеген. Алайда ол ақшаны алғаннан кейін кетпей, әрі қарай қауіп төндірген.
Сатушы дереу көмекке басқа дүкенде қауіпсіздік қызметінің менеджері болып жұмыс істейтін Еркеұлан Әбдімәжітке хабарлаған. Ол дереу оқиға орнына жетіп, ұрыны тоқтатып, кейін полиция қызметкерлеріне тапсырған.
Тергеу барысында анықталғандай, Ноғайбаев ұрлыққа дейін бірнеше күн бұрын танысын көшеде соққыға жыққан. Ол ер адамға сыра ұсынып, ішімдікті бірге ішкеннен кейін жұдырықпен соғып, маңдай сүйегін және жақ сүйегін сындырған. Осылайша Ноғайбаев екі қылмысқа қатысы бар деп танылды.
Астананың ауданаралық қылмыстық істер соты 43 жастағы Орынбасар Ноғайбаевқа үкім шығарып, оны 3,5 жылға бас бостандығынан айырды.
RUS