413

Алматыда ер адам дүкенде әйелге шабуыл жасап, алтын әшекейін тартып алған

Әйелге күш қолданып, әшекейін алып кеткен ер адам уақытша қамауға алынды.

Алматыда ер адам дүкенде әйелге шабуыл жасап, алтын әшекейін тартып алған
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда медициналық маска таққан ер адам азық-түлік дүкенінде әйелге шабуыл жасап, алтын әшекейін тартып алған. Оқиға қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде болған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі жазды.

Полицияның мәліметінше, күдікті әйелге күш қолданып, дене жарақатын келтірген және ашық түрде алтын әшекейін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. 

Зардап шеккен әйелге дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, қылмыстық істің материалдарына тіркелді.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

ІІМ таратқан бейнежазбада медициналық маска таққан ер адамның дүкен ішінде әйелге шабуыл жасаған сәті көрінеді.

Материал авторы