Ресейде марқұм судья Айгүл Сайлыбаеваның ісі бойынша Тергеу комитеті тексеріс бастады

02.02.2026, 10:41
211
Ресейде марқұм судья Айгүл Сайлыбаеваның ісі бойынша Тергеу комитеті тексеріс бастады әлеуметтік желіден

Германияда жұмбақ күйде қаза тапқан судьяның өліміне күдікті бұрынғы күйеуі мен енесі екені айтылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Тергеу комитеті Германия аумағында қаза тапқан Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаева ісі бойынша тексеру бастады. Бұл іс тікелей Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннің бақылауына алынды.

Марқұмның отбасы Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің басшысына ресми өтініш жолдаған. Өтінішке себеп — Ресейдің федералдық телеарналарының бірінде көрсетілген журналистік материал. Сюжетте Германияда жүрген Қазақстан азаматының өліміне оның бұрынғы күйеуі мен енесі қатысы болуы мүмкін екені айтылған. Ақпаратқа сәйкес, Германияда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін олар Мәскеуге кетіп қалған болуы ықтимал.

Марқұмның ата-анасы негізгі сұрақтарға жауап ала алмаған соң, істің әділ әрі жан-жақты тергелуіне үміт артып, Ресей Тергеу комитетінің төрағасына тікелей жүгінген.

Ресей Тергеу комитетінің ресми хабарламасында былай делінген:

«Сюжетте келтірілген уәждер бойынша Мәскеу қаласы бойынша Ресей Тергеу комитетінің тергеу органдары процессуалдық тексеру ұйымдастырды. РФ Тергеу комитетінің төрағасы А.И.Бастрыкин Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасының басшысы Д.В.Беляевқа тексерістің барысы жөнінде баяндауды тапсырды. Тапсырманың орындалуы ведомствоның орталық аппаратында бақылауға алынды».

Айгүл Сайлыбаева 2020 жылы күйеуімен бірге Қазақстаннан шетелге көшіп кеткен. 2024 жылғы 4 маусымда оның үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткені хабарланған. Соңғы рет ол 3 маусым күні Берлин уақытымен сағат 10:35-те байланысқа шыққан.

Марқұмның туған бауыры әпкесінің бұрынғы күйеуі мен енесі тарапынан қысым көріп жүрген болуы мүмкін екенін бұған дейін мәлімдеген.

2024 жылғы 16 маусымда 40 жастағы Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядағы Бенсхайм қаласының шетіндегі Эрлахе карьері аумағынан табылды. Ал 29 маусымда марқұм Алматы қаласында жер қойнына тапсырылды.

Айгүл Сайлыбаеваның мүддесін қорғаған адвокат Жанна Оразбақова әлеуметтік желіде Германия полициясының әрекетсіздігін ашық сынға алды. Оның айтуынша, жеткілікті айғақтар мен куәгерлердің көрсетулері болғанына қарамастан, бұл іске байланысты әзірге ешкім қамауға алынбаған, ал басты күдіктілер бостандықта жүр.

Бұған қоса, марқұм судьяның анасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресми өтініш жолдаған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды