Қырғызстанда жынысты өзгертуге заң жүзінде тыйым салынбақ

02.02.2026, 11:02
274
Қырғызстанда жынысты өзгертуге заң жүзінде тыйым салынбақ pixabay.com

Жынысты өзгертуге және гормоналды терапияға тыйым салынбақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда биологиялық жынысты заңмен «өзгермейтін» ұғым ретінде бекіту көзделіп отыр. Елде осыған қатысты заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл туралы 24.kg жазды.

Заң жобасына сәйкес, адамның жынысы тек туған кезде тіркелген биологиялық белгілер арқылы ғана айқындалады және ол азаматтың өтінішімен де, медициналық қорытындымен де, сот шешімімен де өзгертілмейді. Ерекше жағдай ретінде тек бастапқы тіркеу кезінде кеткен техникалық қателіктерді түзетуге ғана рұқсат беріледі.

Құжатта адамның жынысы отбасылық-құқықтық қатынастарды реттеуде жалғыз заңды санат ретінде белгіленбек. Атап айтқанда, неке қию, ана мен әкені анықтау, сондай-ақ өзге де отбасылық мәселелерде тек биологиялық жыныс ұғымы қолданылатын болады.

Сонымен бірге Ата-ана баланы оның биологиялық жынысына сәйкес тәрбиелеуге міндетті деп нақты жазылады. Заң жобасында туу туралы актідегі жынысқа қатысты жазба түпкілікті болып саналатыны және кейін оны өзгертуге тыйым салынатыны айқын көрсетілген.

Бұған қоса, заң жобасы жынысты өзгертуге бағытталған кез келген медициналық араласуға – хирургиялық операциялар мен гормоналды терапияға тыйым салуды көздейді. Мұндай араласуға тек жыныс дамуының сирек кездесетін туа біткен ақауларын емдеу мақсатында, дәрігерлік комиссияның қорытындысы мен сот шешімі болған жағдайда ғана жол беріледі.

Билік өкілдері бұл бастама құқықтық айқындықты күшейтіп, отбасылық қатынастарды реттеуде бірыңғай тәсіл қалыптастыруды мақсат ететінін алға тартып отыр. Қоғамдық талқылау барысында құжатқа қатысты түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылуда.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді