Атырауда кешіккен студентке серпіліс жаттығуын жасатқан оқытушы тергеуге ілікті

02.02.2026, 11:23
1039
Атырауда кешіккен студентке серпіліс жаттығуын жасатқан оқытушы тергеуге ілікті ЖИ иллюстрациясы

Ағылшын тілі мұғалімі 16 жастағы студенттен жүз рет серпіліс жасауды талап еткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда колледж оқытушысының сабаққа кешіккен студенттерді дене жаттығуымен «жазалауы» тергеуге ұласты.

Оқиға 30 қаңтарда Атыраудағы Энергетика және құрылыс колледжінде болған. Ағылшын тілі пәнінен сабақ берген Арайлым Ізбасарова кешіккен студенттерге серпіліс жасатқаны үшін тексеріске іліккен.

Студенттің анасы Ольга Шахованың айтуынша, оның 16 жастағы ұлы Роман Худин сабаққа небәрі алты минутқа кешіккен. Осыдан кейін оқытушы жасөспірімге жаза ретінде жүз рет серпіліс жасауды тапсырған.

«Әрине, ол жүз рет орындай алмады. Тек жетпіс рет қана жасады», – дейді анасы.

Сабақтан кейін үйіне оралған Романның жағдайы күрт нашарлаған. Отбасы 103 нөміріне жедел жәрдем шақырған. Медицина қызметкерлері жасөспірімнің қан қысымын 150/80 деп тіркеген. Тексеруден соң ол ауруханаға жатқызылып, 72 сағаттық артериялық қысымды бақылау құрылғысы және жүрек жұмысына мониторинг жасайтын аппарат тағылған.

Анасының сөзінше, осы оқиғадан кейін ол полицияға арыз жазып, денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауды және оқытушыны жауапкершілікке тартуды сұраған.

Шағым Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Марат Әбуовтың атына да жолданған.

Ал Роман Худиннің өзі бұл тәсіл тек оған ғана қолданылмағанын айтады. Оның сөзінше, сабаққа кешіккен басқа студенттер де дәл осылай серпіліс жасауға мәжбүр болған. Мұндай «тәрбиелеу әдісі» бірнеше рет қайталанған және тек ағылшын тілі пәнінде қолданылған.

Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғамды екіге бөлді.

Бір тарап мұндай шараны тәртіпке шақыратын қалыпты тәсіл деп бағалап, «жігіттерді осылай шынықтыру керек» деген пікір білдірді.

Ал қарсы пікірдегі азаматтар колледж – физикалық жаза қолданатын орын емес екенін, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты мұндай әдістердің білім беру процесіне еш қатысы жоқ екенін алға тартып отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды