290

Таразда әйел бұрынғы күйеуіне ерегесіп кішкентай баласын жазалаған (ВИДЕО)

Бүлдіршін уақытша балалар үйіне орналастырылды.

Таразда әйел бұрынғы күйеуіне ерегесіп кішкентай баласын жазалаған (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараз қаласында әйел бұрынғы күйеуіне өкпе көрсету мақсатында кішкентай баласын жазалағаны үшін тергеуге ілінді. Баланың жылаған дауысы видеода анық естіледі, ол не үшін жазаланатынын түсінбейді.

Полиция іс бойынша тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындады. Жамбыл облысы ПД мәліметінше, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, процессуалдық шешім қабылданатын болады. Әзірге балаларды қорғау және ананы ұстау бойынша нақты ақпарат берілмеді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Балаға қатысты қатыгездік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бүлдіршіндер уақытша балалар үйіне орналастырылды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, жағдайлары тұрақты, дәрігерлердің қатаң бақылауында. Балалардың қауіпсіздігі мен қажетті күтімі толық қамтамасыз етілген.

Ата-ана құқықтарынан айыру мәселесі Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның белгіленген тәртібі бойынша қаралады.

Материал авторы