SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары режимдегі түзету мекемесінде бір сотталушы екінші сотталушыны өлтірді.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметі бойынша, бір камерада отырған екі сотталушы арасында жанжал туындаған. Төбелес кезінде біреу екіншісіне дене жарақатын келтіріп, нәтижесінде жәбірленуші көз жұмған.
«Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу және тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Мекемедегі жағдай тұрақты», – деп хабарлады комитет.
Тергеу барысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының тікелей бақылауында жүргізілуде.
RUS