Жетісу облысында 300 аса мопед пен самокат жүргізушілеріне айыппұл салынды

22.04.2023, 14:57
589
Жетісу облысында 300 аса мопед пен самокат жүргізушілеріне айыппұл салынды smartnews.kz

Жетісу облысында 3 күн ішінде 300 аса мопед пен самокат жүргізушілерне айыппұл салынды, - деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 адам тыныштықты бұзған, 11жүргізуші техникалық бақылаудан өтпеген, 53-і жол ережесін сақтамаған, сондай-ақ бірқатары бағдаршамның қызыл түсіне жүру сынды өзге де заң бұзушылықтарға жол берген.

Жетісу облысының автожолдарында полицейлер мотоцикл, скутер және мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстарын күшейтті. Тек соңғы үш күнде патрульдік полиция қызметкерлері 301 ереже бұзушыны жауапқа тартты.

«Қазіргі уақытта көліктің бұл түрін пайдалану біздің облыс тұрғындары арасында өте көп. Жол қозғалысы ережелері барлығына бірдей. Оларды сақтау скутер, электрскутері, мопед және мотоцикл жүргізушілері үшін де бірдей міндет. Әдетте, жол қауіпсіздігі талаптарын елемеудің салдары қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Осыған байланысты полиция өңірде жолда жүру ережесін бұзушылықтарды ескерту және алдын алуға бағытталған «Мотоцикл» профилактикалық іс-шарасын өткізуге бастамашы болды», – деді Жетісу облысы Полиция департаменті Жол полициясы басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов. Белгілі болғандай, құқық бұзушылардың көбі Талдықорған қаласында анықталды. Бағдаршам сигналына қарамай өту, маневр жасау, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, мас күйінде жүргізу, жол-көлік оқиғасын тудыру және мотошлемді кимеу сияқты бұзушылықтар жиі кездеседі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды