SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 ақпанда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен Асылбек Төлетпеков есімді қылмыстық топ өкілін ұстады.
Ұсталған адам аса ірі көлемде қорқытып алу әрекетін жасаған деп күдікке ілінді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы іске қатысты 2026 жылғы қаңтар айында Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
RUS