Жетісу облысында әйелдің үйіне қарулы шабуыл жасап, 22 млн теңгенің мүлкін алып кеткендер ұсталды

22.04.2023, 15:52
557
Жетісу облысында әйелдің үйіне қарулы шабуыл жасап, 22 млн теңгенің мүлкін алып кеткендер ұсталды ҚР ІІМ

Жетісу облысында бетперде киген белгісіз біреулер 28 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, күш көрсетіп 22 млн теңгенің дүниесін алып кеткен, - деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл факт Панфилов ауданында тіркелді. 21 сәуірде полицейлерге Көктал ауылындағы жер үйге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Үйдің иесі 28 жастағы әйел, оның айғақтарына сәйкес бетперде киген екі белгісіз ер адам үйге басып кіріп, қымбат заттар мен Toyota Camry көлігін алып кеткен.

Белгілі болғандай, олар әйелді байлап, пышақпен қорқытып, қолма-қол ақша талап еткен. Сондай-ақ, жәбірленушіні арасында тұншықтырған. Ойлағандарын іске асыра алмағаннан кейін, қарақшылар екі қымбат телефон, гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар, ноутбук, әмиян және аулада тұрған шетелдік көлікті алып кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын шамамен 22 миллион теңгені құрады.

«Аудандық полиция қызметкерлері облыстық ұриминалдық полиция және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел уәкілдерінің көмегімен күдіктілерді анықтай алды. Олардың бірі 23 жастағы жергілікті, екіншісі Көксу ауданының бұрын сотталған 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды. Ұрланған заттардың барлығы, соның ішінде ұрланған көлік табылып, заңды иесіне қайтарылды», - деді Панфилов аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған қарақшылық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды