SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Олимпиадалық чемпион Серік Сәпиев скандалдан кейін Қарағанды облысының спорт басқармасын тастап кеткен соң бір күн ішінде жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Туризм және спорт министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істейді.
Сәпиевтің тағайындалуы министрліктен ресми расталды. Оның міндетіне жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорттық блоктарын үйлестіру кіреді.
«Бұл шешім жаңа редакциядағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң аясында ротация негізінде қабылданды, ол заң былтырдан бастап күшіне енді», – делінген хабарламада.
Сәпиев Азиаданың дайындық штабына министрлік өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының басшылары және спорт ардагерлерімен бірге қосылады. Штаб әрбір дайындық кезеңін қадағалап, тапсырмалардың орындалуын бақылаумен айналысады.
Бүгінгі ақпаратқа сәйкес, 21 қаңтардағы Қарағандыдағы спорт кешеніндегі жанжалдан кейін Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов спорт басқармасынан өз еркімен кеткен. Ведомство олардың қызметтен кетуі өз еркімен болғанын атап өтті.
RUS